Басты жаңалықЖаңалықтар

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жауынгерлік әзірлігі тексерілді

2024 жылдың 20 тамыз күні сағат 06:00-де Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің гарнизоны дабылмен көтеріліп, жауынгерлік әзірлігі тексерілді.

Дабыл бойынша жиналған қызметкерлер арасында кешігу фактілері тіркелмеді, бұл департаменттің қызметкерлерінің уақытылы және үйлесімді әрекет ететінін көрсетеді. Тексеру барысында дабыл сөмкелері, жеке қорғаныс құралдары және офицерлік сөмкелердің толықтығы мен дұрыс сақталуы мұқият тексерілді.

Бұл тексеру Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының жауынгерлік әзірлігінің жоғары деңгейде екенін дәлелдеді. Жеке құрамның дайындық деңгейі мен қажетті құралдардың сақталуы қызметтің төтенше жағдайларға жедел әрі тиімді жауап беру қабілетін қамтамасыз етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button