Басты жаңалықЖаңалықтар

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жол қозғалысы ережелері мен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-шара өтті

2024 жылғы 1 тамызда Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы арасында жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтау және отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу мақсатында арнайы іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараға Түркістан қаласы Полиция басқармасының аға учаскелік инспекторы, полиция майоры Керім Жақыпбекұлы Қапашов және Түркістан қаласы Полиция басқармасының патрульдік полициясының взвод командирі, полиция капитаны Досжан Жеңісбекұлы Қасымбеков қатысты. Олар іс-шара барысында жеке құрамға қолданыстағы заң талаптары мен ережелерді түсіндіріп, жол қозғалысы қауіпсіздігі мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөнінде ақпарат берді.

Іс-шара барысында жол қозғалысының ережелері мен қауіпсіздік шаралары туралы толық мәліметтер берілді, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресудің маңыздылығы мен тиімді әдістері қарастырылды. Бұл шаралар департаменттің қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ олардың күнделікті қызметінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға ықпал ету мақсатында өткізілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button