Басты жаңалықЖаңалықтар

Қапшағай 100 пайызға толтырылды

10 жылда алғаш рет Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы 100 пайызға толтырылып, 18 млрд текше метрден астам су жиналды, – деп хабарлайды janalyq.kz.

Су қоймасы Қытай аумағынан бастау алатын трансшекаралық Іле өзенінің суын жинайды. Осы көктемде су қоймасына секундына 900 текше метрге дейін су келді. Мамандар мұны Тянь-Шань мұздықтарының еруімен және жауын-шашынның көп болуымен байланыстырады.

“Соңғы рет Қапшағай су қоймасы 2014 жылы 100 пайызға толтырылды. Суару кезеңінің басынан бастап Шеңгелді ауылдық округінің 6 мың гектар егіс алқабына және Ақдала ауылдық округінде 28 мың гектарға су беріледі. Бүгінде аграршылардың сұранысы бойынша секундына 750 текше метр су жіберіледі”, – деді Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Медет Керімжанов.

Қазір Қапшағай су қоймасында 16,2 миллиард текше метр су бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button