Басты жаңалықЖаңалықтар

Түркістан облысында мұздақ көлдерге аэровизуалды зерттеу жүргізілді

Қазселденқорғау мамандары Қазавиақұтқару тікұшағымен зерттеу Ақсу, Сайрам-су және Өгем өзендерінің бассейндерін бойлай ұшып, әуеден барлады.

Жыл сайын қауіпсіздік мақсатында сел қауіпті жағдайды бақылау үшін көлдердегі мұз әлі ерімеген сәттен бастап, олар толық ерігенге дейін зерттеу жүргізіледі. Әуеден барлау нәтижесі бойынша Ақсу 2 көлін мұз 80%, Ақсу 3, 4 көлдерін 40-50% басқаны анықталды. Қалған көлдер ашық және суға толу сатысында.

Сайрам-су өзенінің бассейнінде мұз астында 1 көл бар, қалған көлдердің беті толығымен ашық, мұздақ мұздықтардың көпшілігін биіктігі 0,5-тен 1,5 метрге дейін қысқы қар басқан. Мұздықтардың қарқынды еру белгілері анықталған жоқ.

Түркістан облысының тауларында 45 мұздақ көл, ең көп мұздақ көлдер Төлеби ауданында қалыптасады. Бүгінгі таңда өңірдегі жалпы жағдай тұрақты.

 Тексеріс барысында, биік таулы аймақтарда өзен арналарының жағаларына өздігінен қар көшкінінің түскені анықталды, бірақ өзен арналарының бітелуі байқалмады. Өзен сулары еркін, кептеліссіз ағуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button