Басты жаңалықЖаңалықтар

Түркістан облысындағы «ОРМАН» профилактикалық іс-шараларының қорытындысы

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «ОРМАН» республикалық профилактикалық іс-шараларының қорытындысы» және «Өрт қауіпсіздігі саласында жедел ден қою шарасын қолдану тақырыбында» брифинг өтті.

Брифингте Түркістан облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары а/қ подполковнигі Педен Нұрболат Нұржанұлы сөз сөйледі.

Ағымдағы жылдың 8-14 шілде аралығында Түркістан облысының орман қоры аумағында «ОРМАН» Республикалық профилактикалық іс-шаралары өткізілді. Осы іс-шара шеңберінде азаматтық қорғау органдарының, жергілікті полиция қызметінің, орман шаруашылығы инспекциясы инспекциясының қызметкерлері қатарынан құрылған мобильді топтар орман қоры аумағында рейдтік іс-шаралар өткізді.

Акцияны өткізу кезеңінде барлығы 34 рейд жүзеге асырылды, 3420 азаматқа нұсқау берілді. Рейдтердің қорытындысы бойынша 406 мың 120 теңге айыппұл түрінде 11 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Облыс аумағында орналасқан 14 жазғы демалыс үйлері, 4 сауықтыру лагерьлерінің, 6 балалар жазғы демалыс орындарының иелерімен және орман алқабына жақын орналасқан егін егетін 46 шаруа қожалықтарының қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру бойынша жалпы 70 жуық кездесулер өткізіліп, жадынамалар таратылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button