Суға түсу маусымында қауіпсіздік сақтау керек
Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін бұзушыларды анықтау және су айдындарындағы қауіпсіздікті сақтау бойынша бірлескен рейдтер мен патрульдеу жұмыстарын жүргізеді.
Түркістан облысы аумағында құтқарушылар мен полиция қызметкерлері бірлесіп суға шомылуға тыйым салынған орындарда рейд жұмыстары жүргізілді.
Рейд барысында үлкендердің қарауынсыз тыйым салынған жерге суға түскен 56 бала анықталып, Ата-анасына әкімшілік шара (ҚР ӘҚБтК 412 бабы бойынша-4 айыппұл, 364 бабы бойынша-37 ескерту) қолданылды.
Ата-аналарға балаларыңызды қараусыз қалдырмауыңызды және суға түсуге жабдықталмаған орындарға шомылумауды сұраймыз.
Су – денсаулықты нығайтуға және демалудан барынша рахат алуға көмектесетін адамның одақтастығы, мейірімді досы. Бірақ, сонымен қатар ол алаңғасарлық ойға төзе алмай жоғары қауіптің көзі болуы мүмкін. Алаңғасарлықтың салдары ең ауыр болады. Оларды болдырмау үшін әр-бір адам судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін білуі тиіс.
Ең бірінші және басты ереже – мектепке дейінгі және бастауыш сыныптағы балалар ересектердің бақылауымен шомылуға тиіс. Балаларды бақылауды барынша күшейту, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Үлкендердің еріп жүруінсіз жасөспірімдер арнайы бөлінген орындарда ғана шомылуы мүмкін. Ең көп қайғылы оқиғалар суға шомылуға арналмаған су айдындарында орын алады. Ата-аналар балаға судағы қауіпсіздіктің барлық ережелерін айтып қана қоймай, оған қиын жағдайда өзін-өзі ұстау дағдыларын үйретуі қажет. Жасөспірімді үрейленбеуге және өзін қалай ұстау керек, не істеу керек екенін түсінуге үйрету өте маңызды.
Суға шомылу кезінде жол берілмейді:
1. Бейтаныс жерде, көпірлер мен бөгеттердің астында жүзуге.
2. Су түбінің тереңдігі мен бедерін білмей биіктіктен сүңгуге.
3. Арнайы қоршаулар мен буйкалардан жүзіп кетпеуге.
4. Қайықтарға салдарға және басқа да жүзу құралдарына жақындауға.
5. Қайықтан, кемелерден, айлақтардан суға секіруге.
6. Суда ойнау кезінде бір-бірінің қол-аяқтарынан жармасуға.
Суда немесе жағалау сызығында болған уақытта ішімдік ішуден аулақ болыңыз. Жүзе алмайтындар тереңдігі 1-2 метрден аспайтын арнайы жабдықталған жерлерде ғана шомылуға болады.
«Суға шомылуға тыйым салынады!» ескерту аншлагымен жабдықталған су нысандарында шомылуға қатаң тыйым салынады.
Есіңізде болсын! Тек судағы қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтау ғана қайғыға жол бермейді.