Басты жаңалықЖаңалықтар

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасы Кубогы VII турнирінің үшінші кезеңі аяқталды

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер мен әйелдер арасындағы ҚР Кубогына VII турнирдің үшінші кезеңі өтті.

Үшінші жарыс күні 4х100м өрт эстафетасы дисциплинасы бойынша өткізілді. Үшінші кезең қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

Ерлер арасында 4х100м өрт эстафетасында жүлдегерлер:

1 орын – Астана қаласы (58,69 сек.)

2 орын – Шығыс-Қазақстан облысы (59,33 сек.)

3 орын – Маңғыстау облысы (60,27 сек.).

Әйелдер арасында 4х100м өрт эстафетасында жүлдегерлер:

1 орын – Түркістан облысы (63,43 сек.)

2 орын – Астана қаласы (63,6 сек.)

3 орын – Алматы қаласы (65,76 сек.).

15 маусымда Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда жарыс өрт мотопомпасынан жауынгерлік қанат жаю дисциплинасы бойынша жалғасады.

Құтқарушы деген кім?

Қарапайым тіршілікте көбіне есікті аша алмай қаламыз. Ағаш құлап кетеді. Көліктен ақау шығады. Осындай жағдайларда біз бірден құтқарушылардың көмегіне жүгінеміз. Ал құтқарушы жұмыс кезінде өміріне қауіп төнентінін біле тұра, халық үшін тәуекелге баратынын білесіз бе? Нағыз құтқарушы ең бірінші зардап шегушіні ойлайды. Құтқарушылар табиғи және әлеуметтік апаттар орындарына да барады. Құтқарушының тез шешім қабылдау алу, мақсат қоя білу, топпен жұмыс істей алу, жағдайға тез бейімделу, физикалық күшті болу, жылдамдық, әуесқойлық және өте жақсы денсаулық сияқты жеке қасиеттері болады. Біз осы орайда осындай қасиеттерге ие, құтқарушы қызметін атқарып жүрген Айдос Хасеновты әңгімеге тарттық. Ары қарай құтқарушының әңгімесін өрбітсек.

ТЖМ-де жұмыс істеудің плюсы мен минусы

Құтқарушы болудың ең алғашқы артықшылығы денсаулық өте жақсы болады және әрдайым бақылауда болады. Жұмысы қауіп пен қатерге толы болғандықтан жақсы жалақы алады. Отбасының өмірін қамтамасыз етеді және жұмыстан демалу үшін демалысқа шығуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жеңілдіктер, әлеуметтік төлемдер, зейнетке шығу басқа жұмыстарға қарағанда ертерек бар. Төтенше жағдайлар министрлігінің әр қызметкері, әскери адам сияқты, үнемі үздік физикалық формада болады. Құтқарушы өмірді сақтаушы деуге болады… Ол көптеген адамдардың ғана емес, сонымен қатар жануарлардың шығынын болдырмайды. Отанға қалтқысыз қызмет ететін мамандық түрі.

Ал енді минустарына келетін болсақ, ең бірінші денсаулығы мен өміріне қауіп төнеді. Мәселен, өрт кезінде түтіннен тұншығуы, күйік шалуы, шатырдың құлауы, зақым алуы, т.б. мүмкін… Сонымен қатар, нақты жұмыс кестесі жоқ, құтқару жұмысы аяқталмайынша жұмыс орнынан немесе үйіне қайта алмайды. Күн мен түнге қарамай шақырған уақытта жұмысқа оралады. Сондай-ақ, құтқарушы қызметіндегі қыз-жігіттердің жұмысы психикаға кері әсер етуі мүмкін. Өйткені, адамдардың қайғы-қасіретін жиі көру өте қиын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button