Басты жаңалықЖаңалықтар

Түркістандық құтқарушылар қан тапсыруда

Халықаралық донор күні қарсаңында ТЖД қызметкерлері тағы да белсенділік танытты. Қазірдің өзінде 100-ден астам құтқарушы қан тапсырды.

Іс-шараны өткізудің басты мақсаты – адамдарға қан қорын құру қажеттілігі туралы хабарлау және барлық бей-жай қарамайтын адамдарды ерікті негізінде донор болуға шақыру болып табылады.

Қан – адамдардың денсаулығының өте маңызды элементі болып табылады. Донорлық қан әр сағат сайын, минут сайын қажет. Қаныңызды бөлісу дегеніміз біреуге өмір сүруге мүмкіндік беру. Донорлар 450,0 мл көлемінде қан тапсырады, дені сау адамның денесі үшін бұл көлемде қан тапсыру физиологиялық қауіп төндірмейді, сонымен қатар қан кету қаупі жоқ. Зерттеу нәтижелері мен сарапшылардың тәжірибесі донорлықтың адам денсаулығына өте пайдалы екенін көрсетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button