Басты жаңалықЖаңалықтар

Түркістандық құтқарушылар «Судағы оқиғаларға жол бермеуге арналған» шара өткізді

Түркістан облысы жедел құтқару жасағының қызметкерлері судағы қайғылы оқиғаларға жол бермеу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.

Түркістан облысының тұрғындары ыстық ауа-райының басталуына байланысты, суға шомылу маусымында балалардың қаза болуына жол бермеу мақсатында құтқарушылар ата-аналарға су айдындарындағы тәртіп ережелері және оларды бұзудың салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді сұрайды. Осымен Сіз суда балаларыңызбен болуы мүмкін жазатайым оқиғалардың алдын аласыз, балаларыңыздың бүгінгі және ертеңгі өмірі осыған тәуелді екенін ескертеді. Балаларды ересектердің қадағалауынсыз, бейтаныс жерлерде, үрмелі матрастарда, камераларда және басқа да жүзу құралдарында (ересектердің қадағалауынсыз) шомылуға қатаң тыйым салынады.

Келесі ережелерді сақтау қажет:

– суға кірмес бұрын, бірнеше жеңіл жаттығулар жасап денеңізді шынықтырып алыңыз;

– судың температурасы денеге ыңғайлы екеніне көз жеткізіп, ақырындап суға кіріңіз (белгіленген нормадан төмен емес);

– басқа жүзушілерге жақын болған кезде, судың түбі зерттелмеген және су қоймасының тереңдігі жеткіліксіз болған кезде сүңгуге болмайды (әсіресе басымен төмен қарай!);

– 5-6 минуттан аспайтын судың төмен температурасы кезінде шомылу ұзақтығы-30 минуттан аспауы керек;

– табиғи су айдынында шомылу кезінде белгіленген қоршау белгілерінен тыс жүзбеңіз, моторлы қайықтарға және басқа жүзу құралдарына жақын жүзбеңіз.

– жағажайда қызып кетпес үшін бас киімде демалғаныңыз абзал;

– негізсіз қауіп-қатер, судағы келеңсіз жағдайларына жол бермеу;

– жүзуді білмейтіндер 1-2 метр тереңдіктен аспайтын арнайы жабдықталған орындарда ғанашомылу керек.

«Шомылуға тыйым салынады!» жабдықталған ескертпе аншлагтары бар су объектілерінде шомылуға қатаң тыйым салынады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button