Басты жаңалықЖаңалықтар

Өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтайық!

“Түркістан қаласы төтенше жағдайлар басқарма” қызметкерлері, “Түркістан Газ инспектор” КММ қызметкерлері, “Qazaqstan aimaq”*АҚ Түркістан өндірістік филиял қызметкерлері және *Қалалық әкімшілік* қызметкерлерімен бірлесіп қала аумағында орналасқан мектеп және балабақшаларға жылыту пештеріне тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Анықталған кемшіліктер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы дайындалған жадынама парақшалары таратылды.

Қатты суықта, желді ауа-райында тұрғындар қосымша жылыту құралдарын қолданады: плиткалар, электр жылытқыштар және т.б., кейде қолдан жасалған электр құралдары да кездесіп жатады. Мұның бәрі бақылаусыз өрттің пайда болуына әкелуі мүмкін. Осындай оқиғаларды алдын алу үшін қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет.

Пешпен қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:

–  жылыту маусымының басында жылыту құралдарын тексеру және жөндеу қажет;

– жылыту маусымы басталар алдында жеке үй иеліктерінде түтін мен құбырларды күйеден тазарту қажет;

– пешті қыздыруға және қатты отынмен пешті жағу үшін бензин, керосин, басқа да тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдануға болмайды;

– балаларға пешті жағуды тапсыруға болмайды;

– пештерде және олардың жанында киімді, отынды және басқа да материалдарды кептіру;
– жылыту пештерінің жанында отынды, тез тұтанатын сұйықтықтарды, жанғыш материалдарды сақтауға және жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға болмайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button