Басты жаңалықЖаңалықтар
Доллар қымбаттады
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 0,92 теңгеге көтеріліп, 448,01 теңгені құрағанын хабарлады, деп хабарлайды janalyq.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 61,60 теңгеге (+0,09) жетті.
Ұлттық банк еуро бағамын 484,41 теңге, рубльді 5,01 теңге деп бекітті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 448,5-450,1 теңгеге, еуро 486-490,5 теңгеге, ресей рублі 4,99-5,07 теңгеге сатылуда.
Ал 4 маусымдағы аукционда әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.
Осылайша, ICE Futures биржасында электронды саудада тамыз айындағы Brent фьючерстерінің құны 1,48%-ға арзандап, барреліне 77,20 долларды құрады.
NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнай фьючерстері шілде айына 1,70%-ға арзандап, барреліне 72,96 долларды құрады.
Апта басынан бері Brent маркалы мұнай 5,48%-ға, ал WTI 5,04%-ға арзандады.