Басты жаңалықЖаңалықтар

Түркістанда ерекше жастардың өнер туындыларының көрмесі өтті

Түркістанда ерекше өнерлі жастардың өнер туындыларының көрмесі өтті. Шара облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі мен «Шаңырақ» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қолға алынған. Байқаудың мақсаты – ерекше таланттарды танып, олардың шығармашылық ізденісін ұлғайту және шығармашылыққа баулу.

Жиынға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Жұпар Бейсенова, Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі Мереке Айдарша, Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі Меруерт Сейсенбекова, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Мұрат Шаханбаев, Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі Альмира Нақбаева мен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің басшысы Ернар Бектаев және БАҚ өкілдері қатысты.

«Байқауға қатысушы жандардың мүмкіндігі шектеулі болса да, жүректерінде тұнған сезім мен өнерге деген сүйіспеншілік бізді тебірентіп, шараның көркін ашты. Байқау болғаннан кейін жеңіліс те, жеңіс те болады. Бар күш-жігерлеріңізді жиып, осы додаға қатысқандарыңыздың өзі үлкен жетістік. Барша өнерпаздарға үлкен алғысымызды білдіреміз, – деді Ернар Бектаев.

Аталған шара соңында мүмкіндігі шексіз жандардың туындылары аукционға қойылды. Онда тастармен безендірілген әшекейлер, үкілі сәукеле, сәнді білезіктер, үй макеті, қоржын, тоқыма бұйымдары, гипстен жасалған мүсін, шағын әмияндар, арқан жіптен өрілген себет және тағы да басқа заттар сатылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button