Басты жаңалықЖаңалықтар
Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 19 мамырда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Таңертең және түстен кейін Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде қатты жаңбыр жауады, арасында найзағай ойнап, облыстың таулы аймақтарында бұршақ түседі деп болжанады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с болады деп болжанады. Облыстың шөлейтті аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.