Басты жаңалықЖаңалықтар

Құрметті еңбек демалысына шығарып салынды

Азаматтық қорғау органдары ардагерлерінің қатарын Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Запаров Бақытжан Жақсылықұлы толықтырды.

ТЖД бастығы полковник Асқар Төлешев Бақытжан Запаровқа жұмысқа жауапты көзқарасы, жанқиярлық еңбегі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Құқық қорғау органдарында Бақытжан Запаров 30 жылдан астам жұмыс істеді. Өзінің қызметтік қызметін ҚР ІІМ Повладар техникалық училищесінің курсанты және Оңтүстік Қазақсатн облысының Мемлекеттік өртке қарсы қызметінен бастап, тұрлі лауазымдарда қызмет атқарып ТЖД бастығының орынбасарына дейін жетті.

Оның азаматтық қорғау органдарындағы еңбек қызметі Отанға қызмет етудің үлгісі және жас ұрпақ үшін лайықты үлгі болып табылады.

ТЖД аппаратының барлық жеке құрамы азаматтық қорғау полковнигін лайықты еңбек демалысына шығарып салуға жиналды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button