Басты жаңалықЖаңалықтар
Түркістан облысындағы қауіпсіз жазғы демалыс
Жазғы кезеңде Түркістан облысы ТЖД қызметкерлері «Қауіпсіз демалыс» ұранымен балалармен болған оқиғалардың алдын алуға ерекше назар аударуда.
Демалыс орындарындағы басшыларымен қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі ережелері мен су айдындарында шомылу кезіндегі тәртіп ережелері түсіндірілді.
Жазғы демалыс кезеңіндегі басты міндет – балалар жарақатының алдын алу. Ересектердің жауапты мінез-құлқы мен қарапайым ұсыныстары жағымсыз жағдайларды ғана емес, сонымен қатар ауыр зардаптарды болдырмауға көмектесетінін ұмытпаңыз. Барлық өткізілетін іс-шаралар балалардың қатысуымен болатын төтенше жағдайларды барынша азайтады деп үміттенеміз.
Біздің балаларымыздың демалысы көңілді, пайдалы, есте қаларлық және, әрине, қауіпсіз болсын.