Басты жаңалықЖаңалықтар

Түркістан облысында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

Түркістан облысының Төлеби ауданында жаңадан салынған өрт сөндіру депосының ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шараға ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов, әкімдік басшылығы, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері және басқа да қонақтар қатысты.

Іс-шара барысында қызмет ету кезінде ерлік көрсетіп, ерекше көзге түскен Түркістан облысы ТЖД қызметкерлері марапатталды. Азаматтық қорғау органдарының еңбегі сіңген ардагері Уәлихан Ережеповке қаланы дамытуғ қосқан үлесі және белсенді азаматтық қызметі үшін «Қаланың құрметті азаматы» атағы берілді.

ТЖ вице-министрі жаңа ғимаратпен танысып, өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен кездесті.

Жергілікті атқарушы органның есебінен салынған нысан әкімшілік ғимараттан және 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депо ғимаратынан тұрады.

Екі қабатты өрт сөндіру депосында өрт сөндірушілер үшін барлық жағдай жасалған: өрт сөндірушілер үшін оқу сыныбы, демалыс, жатын, ас бөлмелері, спорт және мәжіліс залы, сондай-ақ жеке құрамның кәсіби даярлығын арттыру үшін оқу-жаттығу мұнарасы.

Жаңа өрт сөндіру бөлімінде  93 өрт сөндіруші қызмет атқарады. Аталған өрт сөндіру бөлімі заманауи өрт сөндіру техникаларымен жарақталған және 55   елді мекен мен тұрғын алап  тұрғындарының өрт қауіпсіздігін  қамтамасыз етеді.

Жаңа өрт сөндіру депосы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button