Өңірлік коммуникациялар қызметінде дала өртінің алдын алу және өрт қауіпсіздігі туралы брифинг өткізілді
Спикер болып Түркістан облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Асанғали Тулепбергенов сөз сөйледі.
Облыс бойынша барлық өрт қауіпті учаскелерде кезекшілік ұйымдастырылып, билбордтар және ескертпе тақтайлары орнатылды. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметі, орман шаруашылығы мен төтенше жағдайлар қызметімен бірлесіп, 14 мобильді топ құрылды, олар рейд жүргізді.
Шалғай орналасқан елді мекендерде 134 ерікті өртке қарсы құрылымы жасақталды, оның құрамында 5750 адам, 11 өрт сөндіру автокөлігі, 825 бейімделген техника, 22 мотопомпа әзірлікке келтірілген.
Өрт оқиғаларының жиі орын алуына әсер ететін факторлардың бірі тұрғындардың өрт қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауы, ашық отты пайдалануы салдарынан.
Жылу беру маусымында әр аптаның сенбі күндері облыс бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары Полиция департаментінің қызметкерлерімен, қоғамдық бірлестіктердің волонтёрлерімен бірлесіп жылу беру маусымы кезеңінде өрттің пайда болуын, адамдардың қаза болуын және жарақат алу қауіп-қатерін азайту мақсатында профилактикалық жұмыстарды атқарды.
Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау және улы газбен уланудың алдын алу бойынша 335 000 көрнекі үгіт-насихат қағаздары әзірленіп, таратылды. Ұйымның қызметкерлеріне 350 рет дәріс оқылды. Оқушыларға 300 рет интерактивті және ашық сабақ өткізілді. Өрт сөндіру бөлімдеріне 85 рет экскурсия ұйымдастырылды.