Басты жаңалықЖаңалықтар

Түркістан: Шардаралық диқандар тамшылатып суару әдісімен 100 гектарға жуық жерге пияз еккен

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында аймақтарға ауыл шаруашылығының егіс алқаптарында суды көп қажет ететін дақылдарды азайтып, мейлінше құрғақшылыққа төзімді дақылдарды көбейту, су үнемдейтін технологияны ауқымды түрде енгізу қажеттілігі жөнінде тапсырма берген болатын. Бүгінгі таңда Түркістан облысындағы бірқатар аудандар осы бағыттағы жұмыстарды күшейткен.
Мәселен, Шардара ауданы, Жаушықұм ауылының тұрғыны Төлеген Жұмабеков егістік алқаптың 3 гектар жеріне тамшылатып суару әдісімен пияздың «Кэнди» тұқымын еккен. Сонымен қатар, шаруақожалық қосымша 10 гектар жерді игеруді бастаған. Шаруаның сөзінше, тамшылатып суару әдісі – ағын суды үнемдеп ғана қоймай, артық арамшөптерден арылуға да мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, ауылдағы «Тұрар» шаруақожалығы да 33 гектар аумаққа еккен пияз дақылын тамшылатып суару әдісімен суғарып отыр. Сондай-ақ, Жаушықұм массивіндегі Көксу ауыл округінде «Абыт» және «Бауыржан» шаруа қожалықтары 50 гектар жерге Жамбыл облысының диқандарымен бірлесіп пияз егістігіне тамшылатып суару әдісін енгізіп отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button