Басты жаңалықЖаңалықтар
ІІМ экс-басшысы Тұрғымбаев ұсталды
Бас прокуратура 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға байланысты қылмыстық істерді әлі де тергеп жатыр, – деп хабарлайды janalyq.kz.
29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі) Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталған.
“Қылмыстық істе мемлекеттік құпия мәліметтер болуына байланысты соталды тергеп-тексерудің басқа деректері жарияланбайды”, – деп жазылған хабарламада.