Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша өтемақы төленеді
Оның айтуынша, барлық проблемалық мәселелер жедел қаралып, шешімдер сол жерде қабылданады.
“Өткен аптадан бастап залалды өтеу жұмыстары басталды. Кеше мен “зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу ережелеріне” түзетулер енгізген қаулыға қол қойдым. Қазіргі уақытта 11 мыңға жуық отбасы 100 АЕК мөлшерінде төлем алды. Бұл үлкен жұмыстың бастамасы ғана. Сонымен қатар, біз 150 АЕК-ке дейін төлейміз, оған адамдар жоғалған қажетті заттарды сатып ала алады. Мысалы: тоңазытқыш, үстелдер, орындықтар, ыдыс-аяқ пен киім”,-деді премьер-министр.
Ол сондай-ақ кәсіпкерлерге де шығындары өтелетінін атап өтті.
“Мен өз азаматтарымызды тыныштық сақтауға шақырамын. Ешкім көмексіз қалмайды. Осы мәселелердің барлығы Президенттің және менің жеке бақылауымда”, – деп толықтырды Олжас Бектенов.