Бишімбаевтың адвокаттары “адам өлтіру” деген сөзді қолдануға қарсы шықты
Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы қинады және өлтірді деп айып тағылып отырған Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгінгі кездесуде экс-министрдің қорғаушысы Нүкенованың өлімін адам өлтіру деп атамауды тағы да талап етті, – деп хабарлайды janalyq.kz.
Атап айтқанда, Бишімбаевтың адвокаттарының бірі – Лейла Рамазанова – Салтанат Нүкенованың өлімін адам өлтіру деп атамауды және зардап шеккен тараптың қорғаушысына ескерту жасауды талап етті.
“Жанна Уразбаховаға (жәбірленуші тараптың адвокаты – еск.) ескерту жасауыңызды сұраймын, себебі ол “адам өлтіру” деп айта береді”, – деді Рамазанова сотта.
“Лейла Рамазанова Салтанат Нүкенованың өлімін адам өлтіру деп атағаным үшін маған ескерту жасауды бірнеше рет өтінді. Өкінішке қарай, бұл тұрғыда басқа сөз таба алмаймын”, – деп жауап берді Уразбахова.