Басты жаңалықЖаңалықтар
Ұлттық банкке 960 гектар жер қайтарылды
Алматы прокурорлары 960 гектар жерді Ұлттық банк пайдасына қайтарды, деп хабарлайды janalyq.kz.
Ресми құжатта былай деп жазылған:
Қала прокуратурасы сот актілері мен сот үкімдерін талдаудың негізінде “Capital Bank Kazakhstan” АҚ мен “AsiaCreditBank” АҚ таратылған банктердің жалғыз акционері болып табылатын борышкердің (Ш. жауап берушінің) активтері шығарылғанын анықтады.
Жауап берушінің қарызы 15 млрд-тан астам теңгені құрады.
“Прокуратура ҚР Ұлттық Банкінің мүддесіне, “Ш” жауап берушінің жер учаскелерін сату-сатып алу шарттарын жарамсыз деп тану жөнінде талап арыз берді”, – делінген Алматы қаласы прокуратурасының хабарламасында.
Алматы облысы Іле аудандық сотының шешімімен Алматы қаласы прокуратурасының талап-арыздары толық көлемде қанағаттандырылды.
Сот алқасының қаулысымен сот актісі өз күшінде қалдырылды.