Басты жаңалықЖаңалықтар

Әшімбаев Бишімбаев ісі туралы айтты

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайтатын заң жобасы мен Қуандық Бишімбаевқа қатысты атышулы сот процесі қоғамымызда елеулі өзгерістерге әкелетінін айтты, – деп хабарлайды janalyq.kz.

Сенат отырысында журналистердің сұрағына жауап берген Әшімбаев Бишімбаев ісі бойынша соттың объектив және әділ шешіміне күмәнданбайтынын айтты.

“Сот та, Жоғарғы Сот басшылығы да қоғам алдындағы, халық алдындағы жауапкершілігін түсінеді деп ойлаймын. Менің ойымша, бұл жерде ешкім ешқандай манипуляцияға “ереді” деп ойламаймын. Қазір барлығы да процестің объектив, әділ және заңды өтуіне мүдделі. Әркім өз жауапкершілігін түсінеді. Сондықтан жантүршігерлік оқиға мен қазір жүріп жатқан сот процесі, заңның қабылдануы нәтижесінде жағдай өзгереді деп ойлаймын. Жақсы жаққа өзгереді. Бүгінде қоғам әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауды талап етіп отыр. Біз жағдайды жақсартуға ұмтыламыз деп ойлаймын”, – деп түсіндірді Мәулен Әшімбаев.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button