Басты жаңалықЖаңалықтар
Шымкенттің бір бөлігі жарықсыз қалды
Апат салдарынан Шымкенттегі бірнеше ықшамауданның электр қуаты өшіп қалды, деп хабарлайды janalyq.kz қалалық әкімдікке сілтеме жасап.
“Төтенше жағдайға байланысты бүгінде “Достық”, “Нұршуақ”, “Солтүстік-Батыс”, “Солтүстік Саяжай” шағын аудандарында үш мыңнан астам абонент электр қуатынсыз қалды.Қазіргі уақытта арнайы топ ақауларды жою үшін тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр”, – делінген хабарламада.
Тұрғын үйлер екі сағаттың ішінде электр қуатына қосылады деп уәде беріліп отыр.
Бір күн бұрын, 11 наурызда Рудныйда да осындай оқиға орын алып, бірнеше көше жарықсыз қалды.