Басты жаңалықЖаңалықтар

Қазақстан өңірлерінде шектеу енгізілуі мүмкін

Қорғаныс министрлігі 11-19 наурыз аралығында өтетін оқу-жаттығуларға байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады, – деп хабарлайды janalyq.kz.

“Қарулы күштердің жауынгерлік дайындық бағдарламасы шеңберінде 11-19 наурыз аралығында Қарағанды облысының аумағында екі жақты командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді.

Жауынгерлік дайындық іс-шаралары кезінде Қарағанды, Алматы, Жетісу облыстарының аумағында күштер мен құралдардың қозғалысы жүзеге асады. Оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтау мақсатында бөлімшелер полигондарға темір жол, әуе және автомобиль көлігі арқылы аралас тәсілмен марш жасайды. Кейін тұрақты орналасу пункттеріне оралады”, – делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігі аталған кезеңде өңірдің жекелеген аудандарында шектеу шаралары енгізілуі мүмкін екенін хабарлайды.

“Осыған байланысты азаматтардан өтіп жатқан оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауды және тыныштық сақтауды сұраймыз. Сонымен қатар әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдар таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз”, – делінген ҚМ хабарламасында.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button