Басты жаңалықЖаңалықтар
Алматы облысындағы колония бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды
7 наурызда Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің № 57 мекемесінің басшысы ұсталды, деп хабарлайды janalyq.kz.
Ол пара алды деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
“Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді”, – деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, №57 мекеме Алматы облысы Заречное ауылында орналасқан.