Басты жаңалықЖаңалықтар

Түркістан жаңа ғимаратпен толығады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласында салынып жатқан кезекті ғимараттың құрылыс барысымен танысты. Мердігер компания басшымен кездесіп, тапсырмалар жүктеді. Құрылысты кестеге сәйкес аяқтауды міндеттеп, сапаға басты назар аударуды ескертті.


– Құрылысқа отандық, жергілікті материалдарды қолдану маңызды. Осы жағына мән беріңіздер. Екіншіден, құрылыстағы жобалар қымбат емес, сапалы әрі үнемді болуы тиіс, – деді Дархан Сатыбалды.
Бұл ғимаратта Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті орналасады.


Мердігер мекеме – «Ернур Строй и К» ЖШС. Тапсырыс беруші – Түркістан облысының құрылыс басқармасы. Жаңа ғимараттың құрылысы 2023 жылы басталған. Биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бүгінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. 2023 жылғы лимиті. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары 10%-ға аяқталған. Нысанға 46 адам, 9 техника тартылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button