Басты жаңалықЖаңалықтар

Тоқаев ТЖМ басшысына тапсырма берді

Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі басшысына тапсырма бергенін айтты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасына жазды, – деп хабарлайды janalyq.kz.

Берік Уәлидің айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты ведомствоның атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндаған.

“Мемлекет басшысының тапсырмаларына негізделген іс-қимылдар алгоритмі өз деңгейінде орындалды. Қазір қаладағы жағдай қалыпты, барлық тиісті мекемелер бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс істеп жатыр.

Президент министрге мегаполис тұрғындарының амандығын сақтау және Алматыдағы жағдайды бақылауды қамтамасыз ету үшін қала әкімі Ерболат Досаевпен, сондай-ақ қаладағы барлық жауапты мекемелермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді жалғастыруды тапсырды”, – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button