Басты жаңалықЖаңалықтар

Ұлттық ұланның бес әскери қызметкері аса ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін сотталды

Ақмола гарнизоны әскери сотында ұлттық ұланның бес әскери қызметшісіне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды, деп хабарлайды janalyq.kz.

2019-2022 жылдар аралығында әскери қызметші Д., У., С. және Е. өздерінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, материалдық жағдайын жақсарту мақсатында, адамдар тобының алдын ала сөз байласып, бірнеше рет әскери бөлімнің жанар-жағармай материалдарын жымқыру арқылы 448 млн теңгеден астам сомаға залал келтірген. Ұрланған отынды жеке тұлғаларға өткізген.

Өз кезегінде сотталушы А.-ң қызметіне салғырт қарау салдарынан ауыр зардаптарға алып келді, яғни әскери бөлімнің бүкіл ЖЖМ қызметінің жұмысына бақылаудың болмауына байланысты мемлекетке материалдық залал келтірді.

Көрсетілген мән-жайлар сотталушылардың өз айғақтарымен, жәбірленуші тарап өкілдері мен куәгерлердің жауаптарымен, іс бойынша жүргізген аудиторлық тексерумен, сот сараптамаларымен, телефонмен сөйлесу стенограммаларымен, ақша қаражатын аудару және қылмыстық істің басқа материалдарымен анықталды.

Сот үкімімен Д., У., С., Е. аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырғандары үшін кінәлі деп танылып (ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы) оларға 9 жылдан 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сотталған А. қызметіне салғырт қарау салдарынан ауыр зардаптарға әкелгені үшін кінәлі деп танылып (ҚК-нің 453-бабы 2-бөлігі) оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сотталғандардан ортақ тәртіпте келтірілген материалдық залал өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button