Басты жаңалықЖаңалықтар
Астанадағы ЖЭО-да компенсатор жарылды
Астанада 9 ақпан күні сағат 11:44-те реттеу жүйесінің істен шығуына байланысты ТА-4 өшірілді, деп хабарлайды janalyq.kz.
“Астана энергия” АҚ хабарлауынша, соның салдарынан компенсатор жарылды.
“Бұл апаттық жағдай емес. Барлық олқылық жөнделді. Қазіргі уақытта ТА-4 жұмыс істеп тұр. Жүктемесі бұрынғыдай – 100мВат”, – деп хабарлады “Астана энергия”.
Сонымен бірге болған жағдай ЖЭО-2 жұмысына еш әсерін тигізбеген.
Астана әкімдігінің баспасөз қызметі мұның апат емес екенін нақтылады.