Басты жаңалықЖаңалықтар
Астанада мектеп оқушысы қоқан-лоқы жазылған парақтар таратқан
Астанада мектепте теракт ұйымдастыру туралы қағаз таратқан оқушының ата-анасы жазаланды, – деп хабарлайды janalyq.kz.
Полицияға педагог хабарласқан. Ол 9-сынып оқушысы қоңырау кезінде басқа оқушыларға мектепте теракт ұйымдастыру туралы қағаз таратып жүргені туралы айтқан. Оқиға орнына жедел-тергеу қызметкерлері келген.
Оқушы әзіл ретінде компьютермен жазып, қағаздарды таратқанын мойындаған. Полиция соталды тергеу бастады, қажет сараптама тағайындалған.
Баланың ресми өкілдері – ата-анасына әкімшілік шара қолданылған. Астана кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен кәмелетке толмағанның анасына айыппұл салынды.