ДенсаулықҚоғам

Той-жиындарды өткізуге бола ма?

ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова ұжымдық шараларды өткізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

«Өкінішке қарай, бүгінде отбасылық мейрамдарды, яғни адамдар көптеп жиналатын кез келген шараларды өткізуге тыйым салынған», – деді А. Есмағамбетова онлайн баспасөз мәслихатында.

Осы орайда ол 30 адамға дейін орынға есептелген нысындардың жұмысы жанданғанын, екінші кезеңде 50 орынға дейін рұқсат етілгенін еске салды. Алайда ұжымдық шараларды өткізуге тыйым салынған.

«Әзірге, қазіргі эпидемиологиялық жағдай кез келген шараны өткізуге рұқсат етуге мүмкіндік бермей тұр. Яғни, ұзақ уақыт бір орында адамдардың жиналуына арналған ойын-сауық, мәдени-отбасылық немесе әдет-ғұрып шараларын ұйымдастыруға мүмкін емес. Барлық жеңілдіктер эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Атап айтқанда, тұрғындардың өздері қатысты болып отыр», – деді А. Есмағамбетова.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 25 мамырдан елордада 50 орындық дәмханалар жұмысын бастады. Дегенмен, ұжымдық іс-шаралар өткізуге және банкет пен салтанатты залдардың жұмысына тыйым салынады.

Дереккөз: inform.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button