ДенсаулықҚоғам

Елордада ерекшелігі бар балаларды иппотерапия арқылы емдейді

«Қазанат» ипподромының аумағында иппотерапия әдісімен ерекше күтімді қажет ететін балаларды оңалту үшін ат спорты кешенін салу және пайдалану бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оның өткізу қабілеті 250 адамды құрайды және 600 орындық трибунасы бар.

«Бұл жоба жеке қаржылық бастама бойынша МЖӘ аясында жүзеге асырылуда. Құрылыс 2020 жылдың 3 ақпанында басталды», – деп түсіндірді әкімдікте.

Иппотерапия –әлемдік оңалту практикасында кеңінен қолданылатын БЦП-ті тиімді оңалту құралы. Жылқылармен айналысу балалардың дене, психологиялық және эмоциялық жағдайына оң әсер ететіні ғылыми дәлелденген.

Жалпы алғанда, Нұр-Сұлтан қаласында 30-дан астам ірі спорттық нысан жұмыс істейді.

Дереккөз: astana.gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button