Жаңалықтар
Қазақстан астықты терең өңдеуді дамытып, экспортты арттыруға бағыт алды

Елде астықты терең өңдеу саласын дамытып, дайын өнім экспортын арттыруға басымдық беріп отыр. Биыл өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 35 пайызға өсті. Елде жалпы құны 4 миллиард доллар болатын алты ірі инвестициялық жоба жоспарланған. Жаңа кәсіпорындарда крахмал, биоэтанол және мал азығына арналған өнімдер өндіріледі. Бұл отандық шикізатқа сұранысты арттырып, Қазақстанның экспорттық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.



