Жаңалықтар
Қала аумағына бейнебақылау камералары арқылы тұрақты мониторинг жүргізілуде.

Ұлытау облысында бір тәулік ішінде полицияның жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы қоқысты белгіленбеген орындарға шығару бойынша 33 факт анықталды.
Қала аумағына бейнебақылау камералары арқылы тұрақты мониторинг жүргізілуде.
Жыл басынан бері абаттандыру және қоғамдық орындарды күтіп ұстау талаптарын бұзу бойынша 2 571 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, қоршаған ортаны ластауға қатысты 152 құқық бұзушылық тіркелді.
Азаматтарға ескертеміз: габаритті тұрмыстық қалдықтарды, жиһазды, тұрмыстық техниканы және құрылыс қалдықтарын контейнерлерге немесе олардың жанына ретсіз қалдыруға болмайды.
Полиция облыс тұрғындарын тазалықты сақтауға және белгіленген талаптарды қатаң сақтауға шақырады.



