«Таза Қазақстан» — саналы таңдау және ортақ іс

Президент «Таза Қазақстанды» маңызы аумақтарды тазалау мен абаттандыру шеңберінен әлдеқайда шығатын жоба ретінде белгіледі. Оның мақсаты – елді таза әрі жайлы ету және сонымен бірге адамдарды ортақ іс төңірегіне біріктіру. Бірлескен жұмыс өз қаласында, өңірінде және елінде болып жатқан жағдайға қатыстылық сезімін нығайтады.
Бастаманың қазірдің өзінде жалпыұлттық сипатқа ие болғаны маңызды. Әңгіме жекелеген экологиялық іс-шаралардан тазалық пен тәртіп күнделікті өмірдің табиғи бөлігіне айналатын тұрақты қоғамдық нормаға көшу туралы болып отыр. Сондықтан да «Таза Қазақстан» халықтың саналы таңдауы ретінде айқындалады.
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстанды» елдің жарқын болашағының кепілі деп атады. Бұл тұжырымның астарында нақты мән жатыр: ұзақ мерзімді өзгерістер адамдардың қоршаған кеңістікке деген көзқарасынан және оны жақсартуға жеке өзі қатысуға дайындығынан басталады. Таза Қазақстан — мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігінің нәтижесі.



