«Судағы тәртіп» жағалау рейді

«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Алтай ауданының прокуратурасы мүдделі қызметтермен бірлесіп, Бұқтырма және Хамир өзендерінің жағалауында «Судағы тәртіп» рейдтік іс-шарасын өткізуде.
Іс-шараның мақсаты – су айдындарында құқық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Рейд барысында демалушылармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздік талаптарының сақталуына және кәмелетке толмағандардың су айдындарында ересектердің қарауынсыз болуына жол бермеуге ерекше назар аударылады.
Алтай ауданының прокуратурасы тұрғындар мен аудан қонақтарын судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға және өздерінің және жақындарының өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады.



