Жаңалықтар

Үкіметте Ұлытау облысын дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысының Ұлытау облысын кешенді дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, ірі бизнес өкілдерінің және Ұлытау облысы әкімдігінің қатысуымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен басым инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

 

Кеңесте өңірдің орнықты дамуы, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ Жезқазған қаласының бас жоспарын жүзеге асыру мәселелері қаралды.

 

Жезқазғанда Конгресс орталығын, университетті, инклюзивті спорт орталығын және әлеуметтік қызмет көрсету орталығын салу, сондай-ақ спорт, білім беру, мәдениет нысандары мен инженерлік инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыру барысы талқыланды.

 

Сонымен қатар 2026-2029 жылдарға арналған 58 бюджеттік инвестициялық жобадан тұратын өңірлік жобалар пулы қаралып, олардың инженерлік, әлеуметтік және жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға, тұрғын үй құрылысына және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталғаны айтылды.

 

Нұрлыбек Нәлібаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы әрі уақтылы орындаудың маңызын атап өтіп, жобаларды қаржыландыру мен жобалық құжаттаманы жедел әзірлеуді тапсырды.

 

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға, ұлттық компанияларға, ірі бизнес өкілдері мен облыс әкімдігіне инвестициялық жобаларды уақтылы жүзеге асыру және олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button