Астанада Қазақстандағы көлік қауіпсіздігі талқыланды

ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері мен тасымалдау нарығының қатысушылары
inDrive.Қалааралық сервисі ұйымдастырған “Қазақстандағы қауіпсіз мобильдіктің
болашағы: технологиялардың, бизнестің және мемлекеттің рөлі” атты дөңгелек
үстелге жиналды.
Талқылаудың негізгі тақырыбы бағыттардың ұзақтығы, жылдамдық және адами фактор
маңызды рөл атқаратын қалааралық тасымалдардың қауіпсіздігі болды. Пікірталасқа
тасымалдау индустриясының ірі ойыншылары – inDrive.Қалааралық сервисі, Қазақстан
Такси қауымдастығы, ҚазАвтоЖол ҰК, Sergek компаниясы, сондай-ақ Көлік министрлігінің,
Көлік прокуратурасының, Nazarbayev University жанындағы Ұлттық талдау орталығының
өкілдері және Vision Zero бойынша сарапшылар қатысты.
Жадыгер Тілеген, ҚР Көлік министрлігі республикаішілік көлік тасымалдары
басқармасының басшысы: “Біздің деректеріміз бойынша елімізде тіркеу туралы
хабарлама берген 17 мыңнан астам такси қызметкері жұмыс істейді, 10-нан астам
такси агрегаторы тіркелген. 2024 жылы ІІМ-мен бірлесіп жолаушылар тасымалы
қауіпсіздігін күшейту туралы ірі такси агрегаторларымен меморандум жасалды, ал
2025 жылы ол оң рульді автомобильдерді шектету пунктімен тармағымен”.
Құқықтық статистика комитетінің деректері бойынша Қазақстанда 2024-2025 жылдары
3455 ЖКО тіркелген, оның ішінде 48%-ы Алматы, Жамбыл және Ақтөбе облыстарына
тиесілі. Әдетте, көлік жүргізу мәдениетінің төмен деңгейі, жылдамдықты асыру және жол
инфрақұрылымының әлсіздігі жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері болып табылады.
Дөңгелек үстелге қатысушылар жол апатын азайту тәжірибесімен алмасты. Sergek
жолдардағы қауіпті жағдайларды болжау және оларға уақытылы назар аудару үшін
болжамды аналитиканы қолдануға үміт артады. ҚазАвтоЖол inDrive-пен ынтымақтастық
аясында нақты уақыт режимінде республикалық трассалардың жабылуы туралы 6 389
хабарлама жіберді. inDrive-тің өзі сервистің қауіпсіздігін арттыру үшін технологиялық
шешімдерді енгізу арқылы апаттардың алдын алатынын айтты.
Борис Хван, inDrive.Қалааралық қызметінің жетекшісі: “inDrive.Қалааралық
сервисінің ішкі деректеріне сәйкес, екі жыл ішінде 125 ЖКО тіркелді, дегенмен,
сапарлардың 99%-ы еш кедергісіз болады. Біз өз міндетімізді қақтығыс туындағанға
дейін жылдамдықты бақылау, жүргізушілердің шаршағанын қадағалау және жол
инфрақұрылымымен интеграцияны дамыту сияқты тәуекелдердің алдын алу деп
санаймыз. Мысалы, біз ҚазАвтоЖол камераларымен жабдықталмаған өңірлік
трассалардың ең жоғары апатты-қауіпті учаскелерін талдап, осы аумақтарда бақылау
тиімділігін арттыру мақсатында inDrive ішкі мониторинг деректерін ұсынуға дайынбыз.
Сервис қалааралық және қалаішілік бағыттарда жүргізушілер мен жолаушылардың
қауіпсіздігін арттыруға бағытталған шаралар жиынтығын ұсынды.
● Қажу қаупін болдырмау үшін жылдамдықты бақылау және жүргізушілердің
шаршағанын анықтау
● Қалааралық трассаларда жылдамдық шектеулері туралы мәлімет алу үшін
2GIS-пен интеграция жасау
● Республикалық трассалардың жабылуы туралы хабарландыру үшін
ҚазАвтоЖолмен ынтымақтастық
● Жүргізушілер мен автомобильдерді фотобақылау және верификациялау жүйесін
күшейту
● Жүргізушілердің телефонға алаңдауымен жүйелі күрес
inDrive, Көлік министрлігі мен ІІМ арасындағы меморандум шеңберінде қайта
жабдықталған көліктерді қоса алғанда 33 мың оң рульді автомобиль сервистен шектелді.
Сонымен қатар, қатысушылар жолаушылар тасымалы нарығын мемлекеттік реттеу, баға
қалыптастыру және бәсекелестік мәселелерін талқылады. Қазақстан такси индустриясы
қауымдастығының басшысы Жеңіс Мұхиев цифрлық жол қағазы мысалында жолаушылар
тасымалы қауіпсіздігіне бірыңғай тәсілдерді әзірлеуді ұсынды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар тасымалдау қауіпсіздігін арттыру мемлекеттің, бизнестің
күш біріктіруін және озық шешімдерді енгізуді талап ететінін атап келісті. Талқылаудың
қорытындысы ретінде inDrive.Қалааралық сервисі мен Көлік прокуратурасымен
тасымалдау қауіпсіздігі саласында бірлескен бастамаларды дамытуға бағытталған
ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Компания туралы:
inDrive – көлік және жеткізу қызметтердің жаһандық платформасы. inDrive қосымшасы 400 миллионнан
астам рет жүктелген және үшінші жыл қатарынан әлемдегі ең көп жүктелген қосымшалардың ішінде
екінші орында тұр. Қалалық сапардан басқа, inDrive қалааралық тасымалдау, жеткізу және қаржылық
қызметтерді қамтитын қызметтер тізімін кеңейтіп келеді. 2023 жылы inDrive венчурлық және M&A
бөлімшесі – New Ventures-ті іске қосты.
inDrive 48 елдің 1100-тен астам қаласында жұмыс істейді. Әділетсіздікпен күресу миссиясын ұстана
отырып, компания 2030 жылға қарай бір миллиард адамның өміріне оң әсер етуге ұмтылады. Ол бұл
мақсатқа жергілікті қоғамдастықтарды әділ баға қою моделі арқылы қолдайтын негізгі қызметі, сондай-ақ
ықпал ету бағдарламаларының жұмысы арқылы жетуді көздейді.



