Жаңалықтар

ҚР ТЖМ өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионаттарының бірінші күнінің қорытындысы  

Биылғы жылы Өскемен қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ХХХІV – ерлер арасындағы, ХII – әйелдер арасындағы, XI – жасөспірім ұлдар арасындағы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қысқы чемпионаттары өтуде. Жарысқа еліміздің әр түрлі облыстарынан, қалаларынан өз өңірінің намысын қорғауға келген 400-ден астам спортшы қатысуда.

 

Бірінші күні чемпионат қатысушылары шабуыл сатысы дисциплинасы бойынша бақ сынасты, онда жас ерекшеліктері бойынша спортшылар оқу мұнарасының екінші, үшінші және төртінші қабаттарына көтерілді.

 

Чемпионаттың алғашқы минуттарынан бастап спортшылар арасында қызу күрес басталды.

 

Күннің ең жарқын сәттерінің бірі Шымкент қаласы ТЖД спортшысы Салмина Валентинаның өнер көрсетуі болды. Ол әйелдер арасында шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 2-қабатына көтерілу дисциплинасында жоғары нәтиже көрсетті.

 

Алдын ала жүгірулер барысында ол Қазақстан Республикасының рекордын екі рет жаңартты: бірінші талпынысында 7,21 секунд нәтижесін көрсетіп, бұрынғы рекордты (7,26 секунд) жаңартса, екінші талпынысында өз нәтижесін жақсартып, елдің жаңа рекордын — 7,19 секундты тіркеді.

 

Оның бұл өнер көрсетуі жарыстың бірінші күніндегі ең есте қаларлық сәттердің біріне айналып, спортшылардың жоғары дайындық деңгейін дәлелдеді.

 

Жарыстың бірінші күнінің қорытындысы бойынша спортшылар келесі нәтижелерді көрсетті:

 

«Шабуыл сатысымен көтерілу» дисциплинасы бойынша командалық есепте орындар келесі түрде орналасты:

 

Ерлер арасында

1 орын – ШҚО ТЖД құрама командасы

2 орын – Астана қаласы ТЖД құрама командасы

3 орын – Алматы қаласы ТЖД құрама командасы

 

Әйелдер арасында

1 орын – Қостанай облысы ТЖД құрама командасы

2 орын – Астана ТЖД құрама командасы

3 орын – Алматы ТЖД құрама командасы

 

Жасөспірім ұлдар арасында

1 орын – БҚО ТЖД құрама командасы

2 орын – Астана қаласы, ШҚО, Ақтөбе облысы ТЖД құрама командалары тең ұпай санымен

 

Жеке біріншіліктегі орындар:

 

Ерлер арасында

1 орын – 13,72 секунд нәтижесімен Абильбаев Дінмұхамед, Алматы қаласы

2 орын – 13,88 секунд нәтижесімен Ануарбеков Назарбек, Астана қаласы

3 орын – 13,95 секунд нәтижесімен Мағау Нұралы, Қосьанай облысы

 

Әйелдер арасында:

1 орын – 07,27 секунд нәтижесімен Салмина Валентина, Шымкент қаласы

2 орын – 07,44 секунд нәтижесімен Тұрсынхан Ақтоғжан, Қызылорда облысы

3 орын – 07,46 секунд нәтижесімен Байтикова Айдана, Қостанай облысы

 

Аға топ жасөспірім ұлдар арасында (17-18 жас):

1 орын – 12,55 секунд нәтижесімен Абаев Амир, Ақтөбе облысы

2 орын – 13,380 секунд нәтижесімен Калиоллаев Ислам, Ақмола облысы

3 орын – 13,381 секунд нәтижесімен Боков Никита, ШҚО

 

Орта топ жасөспірім ұлдар арасында (15-16 жас):

1 орын – 07,78 секунд нәтижесімен Редькин Игнат, ШҚО.

2 орын – 08,29 секунд нәтижесімен Хамза Асет, Астана қаласы

3 орын – 10,41 секунд нәтижесімен Ефремов Назар, Астана қаласы

 

Кіші топ жасөспірім ұлдар арасында (14 жас және одан кіші):

1 орын – 07,93 секунд нәтижесімен Уразбаев Руслан, Қызылорда облысы

2 орын – 08,02 секунд нәтижесімен Улия Мадияр, Ақтщбе облысы

3 орын – 08,19 секунд нәтижесімен Сайдильдин Нуриддин, Павлодар облысы.

 

19 наурыз жарыс 100м кедергілері бар жолақтан өту дисциплинасы бойынша жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button