Жаңалықтар

Ұлытау облысында Конституцияның қоғамдағы рөлі талқыланды

Ұлытау облысы әкімінің орынбасары З.Ж. Әкілбекованың төрағалығымен «Жаңа прогрессивті Конституция – біздің бірлігіміздің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

Іс-шара барысында қатысушылар Конституцияның қоғамдағы маңызы, жүргізіліп жатқан реформалардың негізгі бағыттары және олардың елдің дамуына қосатын үлесі туралы пікір алмасты. Сондай-ақ жаңа өзгерістердің демократиялық құндылықтарды нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты сақтауына арналғаны атап өтілді.

 

Дөңгелек үстелге жастар, үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары, жас ұстаздар және коалиция мүшелері қатысты. Кездесу Конституцияның ел болашағын айқындайтын басты құжат ретіндегі рөлін одан әрі түсіндіру алаңына айналды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button