Жаңалықтар
Қаражал қаласының тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру бағытындағы буклет тарату шарасы ұйымдастырылды.

Акцияның басты мақсаты – азаматтарға Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының мазмұны мен маңызын кеңінен түсіндіру, енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде жан-жақты ақпарат беру, сондай-ақ тұрғындардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру болды.
Шара барысында арнайы әзірленген ақпараттық буклеттер таратылып, Конституциядағы негізгі жаңашылдықтар, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар беріліп, құқықтық мәселелер төңірегінде ашық пікір алмасу өтті. Осындай бастамалар халықтың құқықтық мәдениетін дамытуға және қоғамда заң үстемдігін нығайтуға оң ықпал етеді.



