Жаңалықтар

Энергетика саласы өкілдері Жаңа Конституцияны қолдайды

«Энергетикалық кәсіпорындар» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен коалиция өкілдерінің кездесуі өтті. Жиын барысында қатысушыларға Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары жан-жақты таныстырылып, 15 наурыз күні өтетін референдумның маңызы мен мәні түсіндірілді.

Коалиция мүшелері Конституциялық өзгерістердің елдегі саяси реформалардың заңды жалғасы екенін атап өтіп, Ата заңды заман талабына сай жаңғырту мемлекеттілікті нығайтуға, билік тармақтарының тепе-теңдігін күшейтуге және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталғанын жеткізді. Әсіресе еңбек адамының құқығы, қауіпсіз еңбек жағдайлары мен әлеуметтік кепілдіктерге қатысты нормаларға ерекше тоқталды.

«Жаңа Конституция – бұл еліміздің болашағына бағытталған жауапты қадам. Біз стратегиялық салада еңбек етеміз, сондықтан тұрақтылық пен заң үстемдігі біз үшін ерекше маңызды. Ата заңды уақыт талабына сай жетілдіру – мемлекетіміздің одан әрі дамуына серпін береді. Әр азамат 15 наурызда өз таңдауын жасап, референдумға белсенді қатысуы тиіс», – деді коалиция мүшесі Зоя Новолодская.

Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлері де өз ұстанымдарын білдіріп, еліміздегі реформалардың сабақтастығын қамтамасыз ететін Жаңа Конституция жобасын қолдайтындықтарын айтты. Олардың пікірінше, энергетика саласы сияқты стратегиялық маңызды бағытта еңбек ететін мамандар үшін құқықтық тұрақтылық пен әлеуметтік кепілдіктердің нығаюы аса маңызды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button