ШҚО да медицина қызметкерлері Жаңа Конституция жобасын талқылады

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының мүшесі Олжас Нуралдинов және Шығыс Қазақстан өңірлік коалициясының мүшелері бүгін Өскемен қаласында денсаулық сақтау саласының өкілдерімен кездесіп, Жаңа Конституция жобасын талқылады.
Кездесу барысында коалиция мүшелері медицина қызметкерлеріне ұсынылып отырған конституцияның жобасындағы өзгерістердің маңызын жан-жақты түсіндіріп, олардың азаматтардың құқықтарын қорғау мен әлеуметтік саланы дамытудағы рөліне тоқталды.
Кездесу барысында Республикалық коалиция мүшесі Олжас Нуралдинов өз пікірін білдірді.
Оның айтуынша, Жаңа Конституция – елдің болашағына бағытталған маңызды қадам. «Денсаулық сақтау саласы – қоғамның ең өзекті бағыттарының бірі. Сондықтан Конституцияда азаматтардың сапалы медициналық қызметке қолжетімділігі мен әлеуметтік кепілдіктердің нақты айқындалуы аса маңызды. Бұл өзгерістер халықтың әл-ауқатын арттыруға және саладағы жүйелі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді», – деді Олжас Нуралдинов.



