Жаңалықтар

Ыстанбұл Еуропаның ең тартымды қаласы мәртебесін алды

Әлемдік туризм платформалары 2026 жылға арналған бағыттар тізімін жариялауды бастаған тұста, Түркияның мыңжылдық тарихы мен қазіргі заман тынысын біріктірген Стамбұл қаласы тағы да көш басына шықты.

 

Қала биыл бірқатар беделді жаһандық рейтингтердегі өз орнын бекітті.«Саяхатқа арналған 50 үздік орын», «Еуропада демалысқа ең қолайлы 5 қала», сондай-ақ «Отбасылық демалысқа жайлы үздік қалалар» секілді тізімдерде Стамбұл алдыңғы қатардан көрінді.

Ең соңғы марапат – Лондонда өткен Wanderlust Reader Travel Awards 2025 шарасынан келді. Оқырмандар дауысымен анықталған бұл беделді байқауда Ыстанбұл «Еуропаның ең қалаулы қаласы» (Most Desirable City – Europe) атағын жеңіп алып, Алтын жүлдеге ие болды.

Дауыс беруге қатысқан саяхатшылар Ыстанбұлды: «Әр барған сайын тың әсер сыйлайтын, жан-жақты және үнемі жанданып тұратын мегаполис»деп сипаттаған. Туристік тартымдылығы артып келе жатқан бұл шаһар 2026 жылы да саяхатшылардың назарынан тыс қалмайтыны сөзсіз.

Ыстамбұл, Галатапорт

Тарих, Сәулет және Мәдениет Тоғысы

Еуропа мен Азияны жалғаған ерекше географиялық орналасуы, терең тарихы және қарқынды урбанистік өмірі Ыстанбұлға қайталанбас атмосфера береді. Мұнда әр турист өзіне ұнайтын бір әлем таба алады.

Қаланың символына айналған Айя-София, Көк мешіт, Қыз мұнарасы, Галата мұнарасы және Базиликалық цистерна (Yerebatan Sarnıcı) сынды орындар Ыстанбұлдың бай мәдени мұрасын сезінуге мүмкіндік береді. Ал Мысыр базары мен әйгілі Капалы Чаршы (Grand Bazaar) сынды тарихи сауда орындары ғасырлар тереңіне жетелейді. Сонымен қатар, заманауи сауда орталықтары мен дизайнерлік дүкендер Ыстанбұлдың сән мен стиль орталығына айналғанын көрсетеді.

Айя-София
Ыстанбұл, Үлкен базар

Таксим, Бейоғлу, Қаракөй, Кадикөй, Мода және Бағдаты көшесі – Ыстанбұлдың мәдениет пен шығармашылық тоғысқан ең белсенді аудандары. Бұл жерлерде қонақтар галереялар мен орталықтарды аралап, концерттер мен көрмелерге қатыса алады.

Таксим, Ыстанбұл

Босфор және Гастрономиялық Ләззат

Ыстанбұлға келген әр адамның міндетті түрде жасайтын саяхаты – Босфор бұғазы арқылы қайықпен серуендеу. Екі құрлықты жалғаған бұғаз жағалауындағы тарихи «ялы» үйлері, сарайлар мен керемет панорамалар ұмытылмас естеліктер сыйлайды.

Босфор бұғазы
Ялы үйлері, Ыстанбұл

Ыстанбұлдың тағамдар әлемі қаланың басты тартымдылықтарының бірі. Мұнда Michelin жұлдыздымейрамханалардан бастап, көшедегі дәмді асханалар, балық базарлары және дәстүрлі түрік таңғы асы ұсынылады. Түрік кофесіннемесе шайын Босфор жағасында баклаванемесе лукуммен бірге дәмдеу – қала мәдениетінің ажырамас бөлігі болып саналады.

Түрік кофесі және лукум
Бақлава

Қаланың қарбаласынан алыстағы Принц аралдары табиғат пен тыныштықты сүйетіндер үшін тамаша бағыт. Жылы күндері аралдар велосипедпен серуендеуге және жағалауда демалуға мүмкіндік береді.

Принц аралдары

Ыстанбұлдың ұсынатын мүмкіндіктері шексіз. Сіздің осы қалаға сапарыңыздан барынша әсер алып, әр сәтті тиімді өткізуіңізге көмектесу үшін, «The Bucket List» (Атқарылуы тиіс істер тізімі) көптеген тың идеяларды ұсынады. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button