Бір палаталы Парламент – саяси реформалардың жаңа кезеңі

2025 жылғы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған жаңа қадамдарды ұсынды. Солардың бірі – бір палаталы Парламент моделіне көшу туралы бастама.
Президент бұл өзгерісті мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында көтеріп отыр. Қазіргі қос палаталы жүйе – Мәжіліс пен Сенат – өз уақытында маңызды рөл атқарды. Алайда жаһандық өзгерістер мен ішкі қажеттіліктер Қазақстанның саяси құрылымын оңтайландыруды талап етеді. Бір палаталы Парламент арқылы заң шығару үдерісі жедел, нақты және жауапты түрде жүзеге асырылады деп күтілуде.
Бір палаталы жүйенің артықшылықтары: заң қабылдау процесі жеделдейді, бюджеттік шығындар қысқарады, парламенттің жауапкершілігі артады, халық пен билік арасындағы байланыс күшейеді.
Президент Тоқаев бұл өзгеріс бірден емес, қоғаммен кеңесе отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын ерекше атап өтті. Бұл – азаматтардың саяси мәдениетін дамытуға, демократиялық құндылықтарды орнықтыруға бағытталған бастама.
Қорытындылай келе, бір палаталы Парламент – тек құрылымдық өзгеріс емес, бұл – мемлекетті басқару мәдениетінің жаңаруы, халықпен ашық әрі тиімді диалог орнатуға жасалған нақты қадам. Бұл бастама Қазақстанның саяси жүйесін уақыт талабына сай бейімдеп, «Халық үнүніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын нақты жүзеге асырудың көрінісі.
Әсет Жұмажанұлы АМАнЖолов,
Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары