Жаңалықтар

Астанада мемлекеттік тілге арналған креативті фотозоналар орнатылды

2025 жылдың жаз айларында Астана қаласының әр ауданында мемлекеттік тілді насихаттаудың жаңа, заманауи форматы — “QAZAQSHA FOTOZONE” жобасы жүзеге асырылды. Бұл жоба Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бастамасымен іске асырылды.
Жобаның негізгі мақсаты — қазақ тілін визуалды кеңістікте сәнді, заманауи әрі тартымды форматта ұсыну арқылы жастардың ана тіліне деген қызығушылығын арттыру. Креативті фотозоналар, стильді қазақша фразалар және трендке сай дизайн шешімдері — осының бәрі мемлекеттік тілді қолжетімді әрі заманауи етудің тиімді жолына айналды.
Фотозоналар келесі орындарда орнатылды:
Нұра ауданы, Ғашықтар аллеясы — «Қазақша сөйлеу сәнде», «Отаны бірдің – жүрегі бір»
Сарыарқа ауданы, Арбат — «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Қазақша сөйлеу сәнде»
Алматы ауданы, Жетісу паркі — «Біріңді қазақ, бірің дос. Көрмесең істің бәрі бос»
Алматы ауданы, Триатлон паркі — «Тіл тазалығы – ой тазалығынан басталады»
Фотозоналар тек көрнекілік мақсатында ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, #qazaqsha хэштегімен жастар арасында қызығушылық туғызды.
Жоба аясындағы нақыл сөздер:
– Қазақша сөйлеу – сәнде
– Тіл тазалығы – ой тазалығынан басталады
– Атаның баласы болма, адамның баласы бол
– Отаны бірдің – жүрегі бір
– Біріңді қазақ, бірің дос. Көрмесең істің бәрі бос
Бұл бастама қазақ тілін күнделікті өмірде қолдануға, жастар арасында танымал етуге және ұлттық рухты заманауи үлгіде дәріптеуге нақты қадам болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button