Шығыс өңірінің әскери бөлімдеріне болашақ командирлер келіп қосылды

Кеше ғана курсант болған жас жігіттер бүгінде әскери бөлімдерде – нағыз командирлер. Олар енді взводқа, сарбаздарға, болашаққа жауапты. Бұл – жай ғана лауазым емес, бұл – Отан алдындағы қасиетті борыштың басталуы!
Ұлттық ұлан Академиясының түлектері Өскемен, Семей және Павлодар гарнизондарындағы әскери бөлімдердің сапын толықтырды. Жас офицерлер алғашқы қадамдарын сеніммен бастады – олар взвод командирлері мен тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі рота командирінің орынбасары қызметтеріне тағайындалды.
Қызметке кіріскен күннен бастап жас лейтенанттар үшін арнайы оқу-әдістемелік жиын ұйымдастырылды. Жиын барысында олар теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде пысықтап, жауынгерлік дайындық, әскери нарядтар мен қарауыл қызметін ұйымдастыру, бөлімшелердегі тәрбие жұмыстары, әскери құжаттармен жұмыс істеу сынды маңызды бағыттар бойынша машықтанды