Жаңалықтар

Мемлекеттік қолдау нәтижесі: ШҚО-дағы жас стоматолог жеке кабинетін ашты

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданындағы жас стоматолог мемлекеттік қолдаудың арқасында жеке кәсібін сәтті дамытып келеді. «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін жақсартуға бағытталған.

 

Зайсан қаласының тұрғыны, стоматолог мамандығын меңгерген Жеңісхан Мақсұтхан аталған бағдарлама аясында 2,5% мөлшерлемемен жеңілдетілген несие алып, жеке стоматологиялық кабинетін ашу арманын жүзеге асырды.

 

– «Берілген несие арқылы мен жұмыс істеуге қажетті заманауи жабдықтар сатып алдым. Бұл – тек мен үшін ғана емес, бүкіл Зайсан халқы үшін үлкен көмек. Осы мүмкіндік арқылы өз кәсібімді дамытып, сапалы стоматологиялық қызмет көрсетіп жатырмын», – дейді Жеңісхан Мақсұтхан.

 

Жаңа жабдықтардың келуімен зайсандықтар үшін облыс орталығына барып ем алу қажеттілігі азайды. Енді заманауи әрі білікті медициналық көмек туған жерде қолжетімді. Бұл ауыл тұрғындарының өмірін едәуір жеңілдетіп, медициналық қызметтердің қолжетімділігіне қатысты маңызды мәселені шешуге ықпал етуде.

 

Ауылдағы жеке медицинаның дамуы – мемлекеттік бағдарламалардың жас мамандардың өзін-өзі кәсіби тұрғыда жүзеге асыруына және өңірлердегі халықтың өмір сапасын арттыруға қалай ықпал ететінінің нақты дәлелі.

 

«AMANAT» партиясы «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясын кеңейтіп, Жеңісхан Мақсұтхан сияқты ісіне адал, бастамашыл жас мамандардың туған жеріне пайдасын тигізіп, табысты еңбек етуіне жағдай жасауды жалғастырмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button