Жаңалықтар

Қазақстандық жас химиктер Менделеев олимпиадасында топ жарды

Бразилияның Белу-Оризонти қаласында 59-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасы өз мәресіне жетті. Қазақстандық оқушылар 40 ел қатысқан жарыста үздік нәтиже көрсетіп, 11 медаль жеңіп алды. Осылайша АҚШ, Жапония, Қытай және Еуропа елдерінің мықты құрамаларын басып озды.

🇰🇿 Қазақстан құрамасы 2024-2025 оқу жылында химиядан республикалық олимпиаданың жеңімпаздары болған 10-11 (12) сынып оқушыларынан жасақталды. Команданың барлық мүшелері халықаралық турнирде жүлдегер атанып, Қазақстандағы білім жүйесінің және дарынды оқушыларға көрсетілетін қолдаудың жоғары деңгейде екенін дәлелдеді.

🚀 Байқауда Маңғыстау облысындағы «Білім-Инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы Меңдіғали Қалдыбай практикалық кезеңде ең жоғары ұпай жинап, «Award for the Best Score in the Practical Exam» арнайы сыйлығына ие болды.

Күміс жүлде иеленгендер:

🥈 Данияр Базарбай – 11 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Ақтөбе облысы;
🥈 Меңдіғали Қалдыбай – 10 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Маңғыстау облысы;
🥈 Аңсар Жақсылықов – 11 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Ақтөбе облысы;
🥈 Арен Теңізбаев – 10 сынып оқушысы, №9 «Білім-Инновация» лицейі, Қызылорда облысы;
🥈 Санжар Қалиақбар – 11 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Қарағанды облысы;
🥈 Қали Әбілмансұр – 10 сынып оқушысы, Назарбаева зияткерлік мектебі, Астана қаласы;
🥈 Райымбек Ғабдолла – 11 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Маңғыстау облысы.

Қола жүлде иеленгендер:

🥉 Айзере Жеңісханова – 10 сынып оқушысы, Назарбаев зияткерлік мектебі, Өскемен қаласы;
🥉 Нұрқожа Умарбаев – 11 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Маңғыстау облысы;
🥉 Ярослава Кравчук – 11 сынып оқушысы, №8 дарынды балаларға арналған мектеп-лицейі, Павлодар қаласы;
🥉 Алихан Серікұлы – 11 сынып оқушысы, «Haileybury Almaty» мектебі, Алматы қаласы.

👩🏻‍🏫🧑🏻‍🏫 Команданың жетекшілері — Бахытжан Елдана және Азим Аманжолов.

📌 Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық Менделеев олимпиадасы Қазақстан ұлттық құрамасы үшін 2025 жылдың 5-14 шілде аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін химиядан Халықаралық олимпиадаға (IChO) дайындықтың маңызды кезеңі болып саналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button